Студенттер онлайн оқуға кеткелі 8 жатақхана босады. Соның арқасында үйін су басқан 1000-нан астам тұрғынға жайлы жағдай жасалып, көпшілік жатақханаға көшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлі күнге дейін спорт ғимаратында жайғастырылған тұрғындардың тізімі жасақталды. Ол жердегі көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар жергілікті меценаттардың көмегімен пәтерге шығарылады. Қазір 2 326 адам эвакопунктерде жатыр. Жағдай қиындайтын болса, 2 700 орын резервте тұр.
Қазір қала әкімдігі мен қалалық прокуратура бірлесіп, уақытша орналастыру орындарына ревизия істеп жатыр. Яғни олар тұрғындарға тағы не қажет екенін анықтайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

