Оралбай халықаралық турнирде қарсыласын нокаутқа жіберді
02.10.2024 09:51
Фото:
ҚР ҰОК
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Кеңес одағының батыры Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнирде алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1/8 финалда 92 келіден жоғары салмақ өкілі Айбек украиналық боксшы Кирилл Стоянцевті жеңді.
Кездесу бірінші раундта Оралбайдың нокаутымен аяқталды.
2 қазан күні өтетін ширек финалда Оралбай түркиялық Айдемир Угурмен өзара кім мықтыны анықтайды.
Естеріңізде болса, Оралбай Париждегі Олимпиада ойындарынан соң салмағын ауыстырды. Бұған дейін ол 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

