Жаңалықтар

Орал әуежайында «ашық аспан» режимі енгізілді

Орал әуежайында «ашық аспан» режимі енгізілді
Фото: Көлік министрлігі 13.10.2024 06:08 110

Орал әуежайына бесінші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығы берілді. Тиісті құжатқа көлік министрі Марат Қарабаев қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда еліміздің 15 әуежайы «ашық аспан» тәртібіне сәйкес жұмыс атқарады. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қараганды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавлов, Семей, Түркістан, Қостанай и Орал қалаларының әуежайлары бар.

«Ашық аспан» тәртібін енгізу жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді.

Бесінші әуе еркіндігі бар ұшулар шетелдік әуе компаниялардың Қазақстан қалалары арқылы үшінші елдердің қалаларына ұшуын білдіреді, - делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар, Орал қаласы тұрғындарының өтініші бойынша авиарейстерді орындау кестесі түнгі уақыттан күндізгі және кешкі уақытқа қайта жоспарланды. Қала тұрғындарының өтініші назардан тыс қалған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Орал қаласы әуежайында 5 ішкі (Астана, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтау) және 1 халықаралық бағыттағы (Франкфурт) рейстер қарастырылған. Бір аптада 32 рейс орындалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға