Жаңалықтар

Қор нарығында ресей рублі 8 теңгеге саудалануда

Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 479, 39 теңге
Қор нарығында ресей рублі 8 теңгеге саудалануда
Фото: capital.ua 29.09.2022 16:07 1285

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,03 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476, 89 теңге болды.
Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 479, 39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 478
Ресей рублі 7,37- 7,57 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 29 қыркүйек күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,21 теңге болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға