Қорғаныс министрлігінде Қырғызстан елшісімен кездесу өтті
08.09.2022 20:06
Фото:
gov.kz
Қорғаныс министрлігінде Қырғызстан елшісімен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен протоколдық кездесу өткізді.
Қорғаныс ведомствосының басшысы Руслан Жақсылықов пен Елші Дастан Дюшекеев Қырғызстан мен Қазақстанның әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайын талқылап, өзара іс-қимылдың басым бағыттарын атап өтті.
Сондай-ақ, Орталық Азиядағы жағдайға қатысты сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, пікір алмасу болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

