"Оқжетпес" клубының бас бапкері қызметінен босатылды
12.08.2023 14:53
Фото:
"Окжетпес" ФК
Сергей Попков «Оқжетпес» командасының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ресейлік маман көкшетаулық клуб ойыншылары соңғы екі жылдан бастап жаттықтырған болатын. Былтыр Көкше командасы бірінші лигада көш бастап, Премьер-лига ойындарына қосылды. Дәл осындай көрсеткішке 2018 жылы да қол жеткізген болатын.
Енді «Оқжетпес» командасы бас бапкері міндетін атқару отандасымыз Андрей Ферапонтовке тапсырылып отыр.
Премьер лига ойындарында "Оқжетпес" маусым басталғалы бері 17 ойында 14 ұпай жинап, 11-орынға жайғасты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

