Жаңалықтар

Оқушыларға арналған үй тапсырмасырмасы ата-аналардың наразылығын тудырды

Оқушыларға арналған үй тапсырмасырмасы ата-аналардың наразылығын тудырды
Фото: Stan.kz 11.10.2023 11:32 865

"Дүниетану" пәні бойынша үй тапсырмаларының бірі қазақстандықтардың таңданысын тудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқулықта отбасы бюджетіне сараптама жүргізу жайлы тапсырма берілген. Сондай-ақ ата-анасының шығындарын да есептеу керегі жазылған,

Салық комитеті балалар арқылы ата-анасының кірісі мен шығынын біліп алғысы келетін сияқты, – дейді жазба авторы. 

Stan.kz хабарлауынша, сурет желіде тараған соң қазақстандықтар мұндай тапсырманың орынсыз екенін айтып, наразылықтарын білдірді. 

"Төртінші сынып оқушысы мұны қайдан білсін?", "1-сыныптың "Дүниетану" оқулығындағы 88-бетті ашыңдар. Ол жерде баладан ата-анасының қандай тәсілмен төлем жасайтынын сұраған: карта арқылы, мобильді аударым немесе қолма-қол ақша", "Ата-анасының несиесі, коммуналдық төлем есепшоты жайлы балалар қайдан білсін", – деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға