Жаңалықтар

Оқушы сабаққа бармау үшін бомба туралы жалған хабарлама берген

Оқушы сабаққа бармау үшін бомба туралы жалған хабарлама берген
Фото: polisia.kz 04.09.2024 17:38 233

Қарағандылық оқушы сабаққа бармау үшін бомба туралы жалған хабарлама таратқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы екі рет жалған ақпарат берген кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл оқиғалар 2 және 3 қыркүйекте болған.

Өзін қала мектептерінің бірінің оқушысы ретінде таныстырған белгісіз адам төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, оқу орнындағы "жарылғыш зат" туралы айтқан. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп-лицейдің кәмелетке толмаған оқушысының "жалған терроризмге" қатысы бар екенін анықтады, - делінген хабарламада.

Ұсталған баланың айтуынша, ол сабаққа қатысқысы келмей, осындай қадамға барған. Оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға