Жаңалықтар

Оқушы қыздың өлімі: Астана қалалық ПД мәлімдеме жасады

Оқушы қыздың өлімі: Астана қалалық ПД мәлімдеме жасады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/ 14.09.2024 10:28 1383

Астана қаласының полиция департаменті қараусыз қалған ғимараттан өлі күйінде табылған оқушы қыздың өліміне қатысты тергеу шаралары бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, 10 қыркүйекте полиция басқармасының кезекші бөліміне қараусыз қалған ғимаратта жасөспірімнің денесі табылғаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы барды. Оқиға орны жіті тексерілді. Өлімнің себебін нақты анықтау үшін сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Алдын ала деректерге сәйкес, жасөспірім өлімінің себебі – жүрегінің тоқтап қалуы. Қозғалған қылмыстық іс аясында оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты әрі объективті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті Астана қаласының полиция департаментінен.

Тергеу ПД басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Еске салайық, бұған Астанада мектеп жанынан жасөспірім қыздың денесі табылғаны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға