Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі Ұлыбритания елшісімен кездесті

Оқу-ағарту министрі Ұлыбритания елшісімен кездесті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 14.09.2023 21:43 725

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің елшісі Кэти Личпен кездесті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тараптар қазақстандық мектептердегі ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігі мен кәсіби дамуын арттыру, сондай-ақ білім сапасын бағалау, цифрлық технологиялар мен инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін талқылады.

Білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі менеджментті жетілдіру министрліктің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Еліміздегі үздік педагогтардың қатарынан «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» республикалық кадр резерві құрылуда. Ең мықтылары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадам, – деп атап өтті министр

Кездесуді қорытындылай келе, Ғани Бейсембаев Ұлыбритания елшісіне алғысын білдіріп, екіжақты дамудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға