Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі мектеп тапшылығы бар өңірлерді атады

Оқу-ағарту министрі мектеп тапшылығы бар өңірлерді атады
Фото: t.me/KZgovernment 06.08.2024 12:25 511

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қай өңірлерде мектеп тапшылығы барын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Негізі 20 өңір болатын болса, бұл үлкен мегаполистер – Астана, Алматы, Шымкент қалалары, екіншіден, сол өңірлерге жақын орналасқан өңірлер – Алматы, Түркістан, Ақмола облыстарының, Астанаға жақын елді мекендерінде болып отыр. Сондықтан «Жайлы мектепке» қатысты мектептерді салуды бөлген кезде, осы өңірлерге басымдық беріліп, көбірек мектеп салу жағын қарастырдық, – деді Ғани Бейсембаев.

Министр аталған өңірлерде мектеп тапшылығы өзекті екенін айтты.

«Жайлы мектеп» шеңберінде ғана емес, бұдан бөлек жемқорлардан жиналған қаражат және инфрақұрылымды дамыту қоры, жергілікті атқарушы органдардың қаржысы, жекеменшік инвестиция есебінен де мектептерді соғу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға