Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады

03.05.2025 03:24

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтар білім беру саласына қатысты, соның ішінде орта, инклюзиялық және арнайы білім беру мәселелері бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түскен өтініштер балалар үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, педагогикалық әдептің сақталуы және тәрбие жұмыстары сынды өзекті мәселелерді қамтыды.

Министр әрбір өтінішті мұқият тыңдап, нақты жауаптар берді. Сондай-ақ аталған мәселелерді шешу бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелер мен өңірлік басқармаларға тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, азаматтарды қабылдау кестесі министрліктің ресми сайтында жарияланған.