Оқиға Екібастұзда сарай жанды
Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 мамырда Екібастұзда сағат 11:58-де Сүтжанов көшесі мекенжайы бойынша сарай өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына келгенде жеке үй аумағында шамамен 100 шаршы метр алаңда шпал сарайы толығымен жанып жатқаны анықталды. Сондай-ақ 20 шаршы метр алаңдағы көң жанған. Жоғары температурадан тұрғын үйдің пластикалық терезелеріндегі әйнектер жарылып кеткен, – дейді департаментте.
Тілсіз жау сағат 12:20-да ауыздықталып, 12:40-та сөндірілді.
Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен үш техника мен 13 қызметкер, 102, 103 қызметтері, қалалық электр желісі жұмыс істеді.