Жаңалықтар

Оппозициялық кандидат Нұрлан Әуесбаев онлайн брифинг өткізуге мәжбүр болды

Жоспар бойынша брифинг оффлайн түрде өту керек еді
Оппозициялық кандидат Нұрлан Әуесбаев онлайн брифинг өткізуге мәжбүр болды
Фото: turkystan.kz 14.10.2022 13:39 2581

Нұрлан Әуесбаевтың үгіт-насихат жұмысына дейінгі аралық нәтижелермен бөлісу бойынша онлайн отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz.

Жоспар бойынша брифинг оффлайн түрде өту керек еді. Бірақ, белгісіз себептерге байланысты шараны онлайн өткізуге мәжбүр болды. Бұл туралы фейсбуктегі ЖСДП парақшасында жазды.

Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының атынан ҚР Президенттікке кандидат ретінде ұсынылған болатын. 1957 жылы туған, Түркістан облысының тумасы. Сайлауға қатысып жатқан жалғыз оппозициялық партияның мүшесі.

Брифингте «Заң бойынша сайлау алды тіркелу жөнінде өз өтінішімізді бердік. Ол қабылданды. Әрі қарай, мемлекеттік тілді дұрыс иеру жөніндегі тестті тапсырдық, еркін тақырыпта шығарма жаздық. Тиісті өз дәрежесінде жақсы тапсырып өттім. Арнайы медициналық сараптама комиссиясының барлығынан сәтті өттім. Дайындық жұмыстарының барлығынан рет ретімен өтіп келе жатырмын» , - деді ол.

Қазіргі таңда ең негізгі мәселе заңға сәйкес президентті қолдау, қол жинау өте белсенді жүріп жатыр. Осы орайда, өзінің партияластарына, өңірдегі, барлық облыстардағы 20 филиалдың өкілдеріне белсенді еңбек етіп жатқаны үшін алғыс білдеретінін атап өтті.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға