Жаңалықтар

«Оператор РОП» директорының өліміне қатысты тың деректер айтылды

«Оператор РОП» директорының өліміне қатысты тың деректер айтылды
Фото: polisia.kz 18.04.2023 17:33 677

Суицид жасаған "ӨКМ операторы" ЖШС-нің басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты қосымша сараптамалар тағайындалды. Марқұмның жұбайы мәйіт мойнында екінші тұншықтырғыш заттың ізі қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қылмыстық іс қазір Астана қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасында Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша тергелуде. Осы ретте іс бойынша 94 куәгерден (туыстары, достары, әріптестері және т.б.) жауап алынып, қосымша сараптамалар тағайындалды.

Сараптама қорытындысы бойынша мекеме басшысы тыныс алу жолдарының қысылуынан туындаған механикалық асфиксиядан болған. Мәйіттен басқа жарақаттар табылмады. Сондай-ақ оның кабинетіндегі үстелдің үстінен суицид туралы қолжазба қағаз табылды.

“Тергеу барысында жәбірленушінің әйелі мәйіт мойынында екінші тұншықтырғыш ойықтың болғанын айтты. Бұл деректі Мәскеудегі жеке компания жасаған сараптама қорытындысы да растаған. Осыған байланысты оның өтініші бойынша және Астана қаласының прокуратурасымен келісе отырып, Ресейдің құзырлы органдарына қосымша сот-медициналық сараптама жүргізу туралы халықаралық ұйғарым жіберілді”,- делінген Ішкі істер министрлігі хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға