OpenAI басшысы: Жасанды интеллект әлемді бақылауға алуы мүмкін
Америкалық OpenAI технологиялық корпорациясының жетекшісі Сэм Альтман жасанды интеллекттің (ЖИ) адамзат үшін қауіп төндіретін ықтимал жолдарының бірі ретінде оның әлемді бақылауға алуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Bild басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Бұл модель белгілі бір деңгейде әлемді бақылауға алады, – деді Альтман Axel Springer медиахолдингінің бас директоры Матиас Дёпфнерге берген подкастында.
Оның айтуынша, тағы екі сценарий бар: ЖИ билікке ие адамдарды өзіне бағындырады немесе дербес өмір сүре бастайды.
ChatGPT жүйесіне тоқталған Альтман жақын арада оның қолданушыларының саны миллиардтарға жететінін болжады.
Адамдар маңызды шешім қабылдауда, жұмыста, күнделікті өмірде көбірек сүйене бастайды. Көпшілігі жасанды интеллекттің кеңестерін орындауды жөн көреді, бұл ақыр соңында жағдайды бақылауды жоғалтуға алып келеді, – деді ол.

