Жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы жылы мемлекеттік қолдау жүйесі қалай өзгеретіні түсіндірілді

Оңтүстікте алдағы жылы мемлекеттік қолдау жүйесі қалай өзгеретіні түсіндірілді
Фото: gov.kz 23.12.2022 12:44 1282

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербайдың  Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуінде саланың дамуы мен проблемалық мәселелері көтерілді. Вице-министр аталған екі өңірге жұмыс сапарымен барып, бірнеше кәсіпорындарын аралады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, вице-министр фермерлерге 2023 жылдан бастап енгізілетін маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуге форвардтық қаржыландырудың жаңа тәсілдері туралы айтып берді. Механизмдер ең алдымен күзде және ерте  пісетін көкөністерді форвардтық сатып алуды қамтиды. Бұл әсіресе республиканың оңтүстік өңірлеріне - Қазақстандағы жеміс-көкөніс өнімдерінің негізгі өндірушілеріне қатысты болып отыр.

ӘКК ерте егінді қаржыландыруды 1 тамызға дейін және маусымаралық кезеңде 1 қыркүйекке дейін жүзеге асыратын болады. 2023 жылғы ерте піскен егінді жақын арадағы форвардтық сатып алу 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін жүргізіледі. Осылайша, оңтүстік өңірлердегі шаруалар ӘКК арқылы пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие болады.

«Бұл шара отандық өндірушілерді әсіресе, көктемгі дала жұмыстары кезінде қолдауға, оларға өткізу нарықтарына қол жеткізуге, өнімді сатып алу және өткізу жүйесін жолға қоюға және нәтижесінде халықты қолжетімді бағамен отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Жеңіс Өсербай.

Сондай-ақ вице-министр 2023 жылдан жұмыс істеп бастайтын АӨК субсидиялау жүйесіндегі инновациялар туралы айтып берді. Мемлекеттік қолдау құралдарындағы нақты өзгерістер қолданыстағы субсидиялау жүйесінің негізгі контурларын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Субсидиялауға өтінімдер беру үшін тегін онлайн-платформа әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Онда қаражат жетіспеген кезде ірі тауар өндірушілердің мүдделерін көздеу мүмкіндігін болдырмайтын және берілген өтінімдерді кезек тәртібімен қанағаттандыруға кепілдік беретін «күту парақтары» енгізілді.

Айта кетейік, Шымкентте 2026 жылға дейін құны 61 млрд теңге болатын 44 жаңа инвестициялық жоба ашу жоспарланып отыр. Бұл 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз ететін сүт фермалары, құс фабрикалары, жылыжайлар, балық шаруашылығы және жем-шөп өсіретін кәсіпорындар.

Түркістан өңірінде жалпы сомасы 205,2 млрд теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Облыста 2 мыңнан астам жұмыс орны бар жаңа өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындары ашылады.

Вице-министрмен кездесу барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер электр энергиясы мен көмір шығындарын субсидиялау, көкөніс импортына баж салығын ұлғайту мәселелерін көтерді. Өз кезегінде фермерлер отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдауға дайын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға