Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның медициналық стандарттарына трансферт жасау қолға алынды

Оңтүстік Кореяның медициналық стандарттарына трансферт жасау қолға алынды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 01.10.2023 15:52 669

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы Ғалымжан Тоғызбаев соңғы 7 жыл ішінде Оңтүстік Кореяның медициналық стандарттарына трансферт жасап келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

24 қыркүйекте Сеулге жұмыс сапары шеңберінде қазақстандық делегация Оңтүстік Кореядағы медициналық диагностика және зертханалық зерттеулер индустриясының көшбасшысы Seegene Medical Foundation (SMF) орталық зертханасына барған болатын. 

SMF-пен ынтымақтастық отандық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық инфрақұрылымын жаңғырту және әлемдік стандарттарға сәйкес қоғамдық сервисті жақсарту жөніндегі стратегиялық жоспарларын айқындайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы Ғалымжан Тоғызбаевтың Seegene Medical Foundation-мен ынтымақтастық бойынша бастамасы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы медицина және зерттеулер саласындағы әріптестікті нығайтуға сенім білдіреді.

Ревматология саласындағы ғылыми-зерттеу әдістерін дамыту дәрігерлердің құзыреті мен біліктілігін жоғарылатуға, ревматизм ауруларын диагностикалау мен емдеуді жақсартуға, сондай-ақ осындай жағдайдағы пациенттерге күтім жасау деңгейін арттыруға ықпал ететін болады. Бұл бастама денсаулық сақтау саласына және Қазақстандағы адамдардың өмір сүру сапасына ұзақ мерзімді оң әсер етуі мүмкін және оны жалғастыру елдің медициналық көмек пен ғылыми зерттеулерді жақсартуға деген ұмтылысын қолдап отыр. 

Сондай-ақ Ғалымжан Тоғызбаев пен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков жергілікті менеджмент жүйесін зерделеу және Алматы қаласында ревматология ғылыми орталығын құру мақсатында әріптестердің тәжірибесімен алмасу және оны алдағы уақытта елімізде енгізу үшін Hanyang University ревматология ғылыми орталығына барып қайтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға