©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентінің қызы алаяқтық ісі бойынша ұсталды

06.05.2025 23:16

Оңтүстік Корея полициясы елдің бұрынғы президенті Мун Чжэ Иннің қызы Мун Да Хеге қатысты алаяқтық бойынша іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, әйел 2022 жылы қайырымдылық аукционы аясында ақша жинаған, алайда уәде еткеніндей қаржыны коммерциялық емес ұйымға аудармаған. Нәтижесінде Мун Да Хеге шағым түсіп, қазіргі уақытта оның банк шоттары мен қаржылық операцияларын құқық қорғау органдары тексеріп жатыр.

Сеул қаласындағы Содэмун полиция бөлімі Мунның алаяқтық ісі бойынша күдікті ретінде жуырда ұсталғанын хабарлады, — делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, елдің тағы бір бұрынғы президенті Юн Сок Ёль қазіргі кезде билікті асыра пайдалану ісі бойынша тергеліп жатыр. Бұған қоса, ол 2024 жылдың 3 желтоқсанында елде әскери жағдай енгізуге талпыныс жасағаны үшін бүлік ұйымдастыру бабы бойынша да айыпталуда. Алайда журналистердің айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысы қамауға алынбаған.