Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтарға ескерту жасалды

Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтарға ескерту жасалды
Фото: Getty images 04.12.2024 10:30 266

Оңтүстік Корея Республикасында әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты ел аумағында жүрген қатаң ескерту жасалды. Бұл туралы Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Корея Республикасы президенті Юн Сок Ёльдің елде әскери жағдай енгізу туралы жариялауына байланысты, Корея Республикасының аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына сабыр сақтауға, жергілікті биліктің нұсқауларын қатаң орындауға және жаппай іс-шараларға қатыспауға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Елшілік өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда Қазақстан азаматтарына елшіліктің жедел желі телефонына хабарласуға кеңес береді: +82-10-6572-9311.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль 3 желтоқсан күні елде әскери жағдай енгізілгенін жариялады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға