Оңтүстік Кореяда жолдағы әрекеті үшін қазақстандық бойжеткендер жазалануы мүмкін
29.05.2023 13:20
Фото:
Видеодан кадр
27 мамыр күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 39 жастағы Қазақстан азаматы полиция учаскесіне шақыртылған. Себебі ол жолда көлікті бейберекет жүргізген. Бұл туралы Herald басылымына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ал көліктің артқы жағында отырған 27 жастағы және 22 жастағы бойжеткендер бастарын терезеден шығарған.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, бойжеткендер бұл әрекеттерін өздерін бақытты сезінгендігімен түсіндірген.
Кореядағы танысым жақында босанды. Ештеңе болмайды деп ойладым, себебі біздің елде бұл үшін жаза қарастырылмаған, - деген қазақстандық бойжеткендердің бірі.
Полиция қазақстандықтарға қатысты қосымша тергеу жүргізеді. Егер олардың әрекеті құқық бұзушылық деп танылса, онда олар айыппұл төлейді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

