Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда қазақстандық әйел автобус жүргізушіне пышақпен жарақаттаған - БАҚ

Оңтүстік Кореяда қазақстандық әйел автобус жүргізушіне пышақпен жарақаттаған - БАҚ
Фото: Әлеуметтік желіден 12.08.2023 17:20 1353
Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы автобус жүргізушісін суық қарумен жарақаттады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап. 
 
Полиция Кёнбу жедел жолының қақ ортасында автобусты бөгеген және қоғамдық көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, оны жарақаттаған 50 жастағы қазақстандық әйелді ұстады.
 
Әйел адам 10 тамызда Сеулдегі Ганнам-гу қаласындағы Синсаёк метро станциясының маңында қозғалып келе жатқан автобустың алдынан шығып, ол тоқтағаннан кейін көліктің терезе жуғыш жабдығын сындырмақ болған. Жүргізуші автобустан түскен кезде оған өткір затпен, болжам бойынша пышақпен тап беріп, кейін қашып кеткен. Бірақ ол 11 минуттан кейін полиция қолына түсті. 
Полицейлерге әйел такси жүргізушісі оны жеткізуден бас тартқандықтан автобусты тоқтатқанын айтқан. Жүргізушінің қолы кесілген, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр және ұсталған әйелдің денесінде есірткінің бар-жоғын тексеруді жоспарлап отыр", - деп жазылған ресми хабарламада. 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға