Оңтүстік Кореяда қалың қардан үш адам көз жұмды
29.11.2024 10:58
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Оңтүстік Кореяда соңғы 100 жылда болмаған мөлшерде қар жауып, салдарынан кемінде үш адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Одан бөлек жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілген.
21,8 см қар жауған Канвондо провинциясында тас жолда бес көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан 81 жастағы ер адам қайтыс болды. Тағы екі адам ауыр жарақат алса, төртеуі жеңіл жарақат алған.
Янпхён уезінде гараж құлап, шатырдың үстіндегі қарды тазалап жүрген 78 жастағы ер адам көз жұмды.
Хвасонда жол реттеушіні автобус соғып, 30 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Толассыз қардан 146 халықаралық рейс тоқтатылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

