Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда 15 мың қазақстандық заңсыз жұмыс істеп жүр – министр

Оңтүстік Кореяда 15 мың қазақстандық заңсыз жұмыс істеп жүр – министр
Фото: gov.kz 14.10.2024 14:25 510

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге қашан мүмкіндік болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде мемлекеттік органдар біздің дайындаған келімшартқа келісім берді. Құжатты Оңтүстік Кореяға сыртқы істер министрлігі жіберді. Қазір сол жақта қарастырып жатыр. Осы жазда екі елдің еңбек министрліктері меморандумға қол қойды, оған сәйкес құжаттармен алмасу жүріп жатыр. Біздің вице-министр осы жұмыс бойынша Кореяға барып келді. Оңтүстік Корея бізге үш талап қойып отыр. Біріншісі – Кореядағы елшілікте жұмыс туралы атташе лауазымын енгізу. Екіншісі - 15 мыңға жуық біздің азамат ол жақта заңсыз жүр, сол азаматтарды елге алдыру. Үшінші талабы – қазақстандықтар Корея Республикасына жұмыс істеуге барарда халықаралық сертификаттау рәсімдерінен өту. Біз үш өңірде орталықтарды даярлап қойдық. Айта кету керек, барлық талабын орындадық, енді күту ғана қалды, - деді Жақыпова.

Мәжіліс кулуарында журналистер Жақыповадан «Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 мың қазақстандықты қалай елге қайтарасыздар» деп сұрады.

Бұл Ішкі істер министрлігінің сұрағы. Егер олар қазір әуежайға келіп, билет сатып алса, оларға ешқандай әкімшілік-құқықтық міндеттемелер қойылмайды. Олар бір мерзімде келмей қалып қойса, құқықтық міндеттемелер жүктеледі. Жоспарымыз бойынша заңды түрде жыл аяғына дейін рұқсат берілуі тиіс. Негізі бұл жұмыспен бір жыл бойы айналыстық, - деп түсіндірді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға