Оңтүстік Корея спортшысы Денис Тен мемориалында жеңіске жетті
04.10.2025 05:10
Фото:
ҚР ҰОК
Мәнерлеп сырғанаудан Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында әйелдер арасындағы жекелей сайыста үздіктер анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оңтүстік Корея өкілі Ли Хэ Ин алтын медаль жеңіп алды. Спортшы жалпы есепте 196.84 ұпай жинады. Айта кетейік, ол 2023 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.
Оңтүстік Корея спортшысы Юн Асун күміс медаль иеленді (174.37 ұпай). Қола жүлде Канададан келген Маделин Щижасқа бұйырды (164.39 ұпай).
Қазақстандық спортшылардың нәтижелері: Амира Ирматова - 6-орын (137.15 ұпай), Нұрия Сүлеймен - 7-орын (124.40 ұпай), София Фарафонова - 9-орын (104.50 ұпай), Вероника Коваленко - 10-орын (86.12 ұпай), Русалина Шакрова - 11-орын (74.71 ұпай).
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

