Оңтүстік Корея Гана құрамасынан жеңіліп қалды
Фото: championat.com
Фото: championat.com
28.11.2022 22:53
1270
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында 28 қарашада H тобында екінші турында Оңтүстік Корея және Гана кездесуі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бірінші кезеңде ганалық футболшылар қатарынан екі гол соғып кетті. Оны Мохамед Салису 24, Мохамед Кудус 34-минуттарда мергендік танытты.
Екінші кезеңде корейлік футболшылар белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Чхо Кю Сун 58, 61-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша таразы басын теңесті.
Ал Мохамед Кудус 69-минутта қайтадан Гана құрамасын алға шығарды.
Осылайша Гана қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Ресей Үкіметінің төрағасымен кездесті
Келесі жаңалық
Жетісу облысында аудан-қалалардың мәдениет күндері аяқталды