Жаңалықтар

Онлайн марафонға қатысушы спикерлер сайлауға қатысты пікірталас бастады

Тікелей эфирде «Қоғам және мемлекет – ортақ мүдде» тақырыбында дебат өтті
Онлайн марафонға қатысушы спикерлер сайлауға қатысты пікірталас бастады
Фото: qazaqstan.tv 20.11.2022 10:34 1767

Дебат алаңында мемлекет пен қоғамның бірізділігі талқыға түсуде. Басты сұрақ – мемлекет үшін бірінші орында адам қызуғышылығы ма, әлде мемлекеттің мүддесі маңызды ма? Алаңда ҚР-ның Парламенті мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген, саясаттанушы – Мақсат Жақау мен Индира Рыстина және журналист – Махад Садық, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Мемлекет пен халықты ажырату мүмкін емес. Елдің мүддесі әрқашанда жоғары тұруы керек. Дегенмен халық пен мемлекеттің бір-біріне деген жауапкершілігі толыққанды орындалуы қажет. Халықтың мемлекетке деген сенімі орнықты болуы керек. Сонда ғана қоғамдық ой-сана өзгеріп, ел алға дамып жақсы өмір сүреді», – дейді Мейрамбек Төлепберген.

Елдің үніне құлақ салып, талабын орындап қана мемлекет күші нығаяды. Спикерлер арасында дисскуссия тудырған мәселе – қоғам мен мемлекетті байланыстыратын БАҚ өкілдерінің дәрежесі болды.

«Қаңтар оқиғасы орын алған уақыттан 6 айдан кейін «Референдум «өтіп халық талабы орындалды. Қазіргі кезектен тыс Президент сайлауы мен келесі 6 айда өтетін парламент сайлауы да азаматтардың талаптарының бірегейін орындау болып табылады. Бұл – халық пен мемлекет келісімінің жүзеге асу көрсеткіші, азаматтық қоғамның бастауы. Ал азаматтық қоғам негізін ұстайтын – журналисттер. Сондықтан мамандардың дәрежесін арттырып, қоғамның арасында журналистті белгілі бір деңгейге көтеру қажет», – деді журналист Махат Садық.

Дебат қорытындысы бойынша, азаматтар жеке дара әлемде өмір сүре алмайды. Сондықтан олар келісімге келе отыра, кейбір құқықтарын шектеу арқылы мемлекет құрады. Жасалған келісім бойынша әрбір азамат мемлекет алдында, мемлекет ел алдында өзінің жауапкершілігін сезінуі керек. Болашақ үшін дұрыс шешім қабылдай білейік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға