Жаңалықтар

Онлайн марафон барысында жастар мәселесі талқыланды

Онлайн марафон барысында жастар мәселесі талқыланды
Фото: baq.kz 20.11.2022 15:11 1027

"Біздің ел – біздің таңдау" онлайн марафоны барысында еліміздегі жастар мәселесі талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ғалымдар жастарды бірнеше буынға бөлген. Мәселен 1996 жылдан бергі буынды XXI ғасыр басталғалы өмір сүріп жатқандар деп атайды. Ал оның алдындағы буын Y ұрпақ. Марафон барысында "осы буындардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар және мемлекет жастардың пікірімен санасады ма?" деген сауал төңірегінде спикерлер пікір алмасты.

"1970 жылы туған X ұрпақ үшін идеология бірінші орында. Яғни, көшбасшы керек. Оларға рухани құндылықтар маңызды және оларды басқару оңай. Ал бүгінгі Z ұрпақтар үшін, ең бірінші, материалдық құндылықтар маңызды. Олар ешкімге тәуелді болғысы келмейді. Ел үшін, жер үшін, тіл үшін деп алаңға шықпайды. Бірақ мәселенің барлығын біліммен шешуге ұмтылады. XXI ғасыр басталғалы өмір сүріп жатқандар тұйық, бірақ бәрін біледі", – дейді "Talbesik" көпбалалы аналар одағының жетекшісі Ләззат Қожахметова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға