Онкологияға шалдыққан 5 пациент дәрімен қамтамасыз етілді
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
30.12.2022 14:39
1026
Онкологияға шалдыққан 5 пациент дәрімен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры орфандық аурулары бар пациенттерге қайырымдылық көмек көрсету аясында жасасқан шартқа сәйкес «КФК» Медсервис плюс» ЖШС 23 желтоқсан күні онкологиялық ауруы бар 1 емделуші үшін Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына «Рибоциклиб» («Кискали») дәрілік затын жеткізді.
«FARM ZS» ЖШС Қормен жасасқан шартқа сәйкес 28 желтоқсанда таргеттік терапия жүргізу үшін 4 емделушіге арналған «Динутуксимаб бета» («Карзиба») дәрілік затын «University Medical Center» корпоративтік қорына жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті