Жаңалықтар

«Онкологиядан қауіп бар». Әнші Төреғалидің қарындасы өкпесін тесіп ота жасайтынын айтты

«Онкологиядан қауіп бар». Әнші Төреғалидің қарындасы өкпесін тесіп ота жасайтынын айтты
Фото: instagram.com/farizatoreali 20.11.2023 11:35 3201

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Түркияда өзіне ота қалай жасалатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында Фариза Төреәлі өзінің instagram парақшасында жариялады. Осыған дейін блогер өзінің онкологиялық дертке шалдығу қаупі бар екенін айтып, жазба қалдырған еді. Емделу үшін Түркия еліне аттанған болатын.  

Қазір бірнеше дәрігерге кіріп, өкпемді тексереді. Биопсия алады екен. Оны тесеміз деді. Көп анализ тапсырып жүрген соң, өзім де көп уақыт аш жүрмін. Тіпті сағаттап тамақтанбадым. Хирург операция қалай болатынын айтты. Жай ғана өкпедегінің не екенін білу үшін ота жасайды. Кеуде жақтан тесіп жасайды екен. Бұған қайта қуанып отырмыз. Себебі, кеудеден биопсия алу үшін біз жақта кеудені орта жақтан кеседі деген. Таңғалып қалдым. Құр анализге бола кеседі ма деп. Ал бұндай тесіп жасайтын биопсия Түркия мен Кореяда ғана бар екен, - дейді Фариза Төреәлі.

Блогер арудың айтуынша, ота жалпы наркозбен жасалады. Түркиялық мамандар отаның қалай өтетінін алдын ала түсіндіріп, оны барынша дайындап  жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға