Жаңалықтар

Өңірлік сайлау учаскелері Президент сайлауына дайын

Отырыста барлық өңірдің сайлау учаскелеріне дауыс беру дайындығы талқыланды
Өңірлік сайлау учаскелері Президент сайлауына дайын
Фото: El.kz 18.11.2022 11:35 1603

ОСК комиссияның орталығындағы кезекті 26-шы отырыста сайлау учаскелерінің дайындығы пысықталды, деп хабарлайды El.kz.

Отырыста барлық өңірдің сайлау учаскелеріне дауыс беру дайындығы талқыланды. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров отырыста орталық сайлау мүшелерінің өкілдері 16 қарашаға дейін әр өңірді аралап, сайлау учаскелерінің дайындығы бақыланғандығын тілге тиек етті.

"53 қала мен ауданды аралау барысында 155 сайлау учаскесін техникалық жарақтандыру, оқыту және ұйымдастыру жұмыстары жасалды. ОСК мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары үшін кейс технологиясы негізінде іскерлік ойын түрінде тренингтер өткізді",— деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова Астана қаласы бойынша 406 сайлау учаскесі барын айтты.

"406 сайлау учаскенің 304-і – азаматтардың тұрақты тіркеу орны бойынша, 34-і уақытша болу орындарында, 68-і - ҚР шет елдердегі өкілдіктері жанында құрылды. 304 сайлау учаскесіне мүгедектегі бар жандарға пандус тағы басқа қажетті жабдықтармен қамтылды. Сайлаушыларға дауыс беру уақыты мен аяқталу туралы құлағдар етілді. Ақпараттық тақтайшаларға ақпараттар ілінді. Барлық сайлау учаскелері дауыс беру күніне дайын",— деді Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова.

Алматы қаласы бойынша жалпы 600 сайлау учаскесі бар. 70 сайлау учаскесі - ол арнайы ауруханада, санаторийде және әскери мекемеде және тағы басқа осындай арнайы орындарда орналасқан. Алматы қаласы саяси додаға сақадай сай. Ақмола облысы бойынша барлығы 717 сайлау учаскесі, оның 693-і азаматтарды тіркеу орны бойынша, азаматтардың уақытша болу орындарында 24 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

597-і учаскеде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бұрыштар орналастырылған. Абай облысы бойынша 475 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның ішінде 36 учаске жабық. Облыс аумағында 486 комиссия бар, оның 1-і облыстық, 10-ы қалалар мен аудандардың комиссиялары. Барлық өңірдің сайлау учаскелері сайлау науқанына дайын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға