Жаңалықтар

Өңірлік басылымдардың әрқайсысына сайт ашылады

Өңірлік коммуникация әлеуеті артады
Өңірлік басылымдардың әрқайсысына сайт ашылады
Фото: El.kz 25.01.2023 15:53 4394

Дәстүрлі БАҚ жыл сайын трансформацияға ұшырауда. Өңірлік басылымдардың әрқайсысына сайт ашу көзделіп отыр. Салалық және облыстық басылымдарының тарифтерін өсіру бойынша заңнамаға түзетулер енгізіліп жатыр. Газет керек болмаса, оған миллиондаған қаржы бөлінбес еді дейді сарапшылар. 2016 жылы Қазақстанда екі мыңға жуық БАҚ тіркелген болса, қазір бес мыңнан асады. Оның 70%-ға жуығы баспа басылымдары, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл санап басылым тиражы азайып барады. Жас буын мүлдем газетке назар аудармайды. Форумға қатысушылар осы фактілер бойынша тарихи-танымдық бағытта жұмыс жасап жатқан ақпарат құралдарын жоғалтып алмау керек десе, басқасы газет өлді деп дискуссияға түсуде.

«Жаһандық БАҚ арасында баспа құралдарының орны ерекше. Баспасөз құралдары жыл санап өсіп жатқандықтан, оның арасынан баспаны жоғалтып алмауымыз қажет. . Аталмыш медианың болашағы зор. Минстрлік жергілікті басылымдардың әлеуетін көтеруге жағдай жасау үшін бірнеше ұсыныстар қараcтырылып жатыр. Оқырмандардың саны мен таралымын көбейту басты міндетке қойылады», - дейді Алтай Көлгінов.

Өңірлік басылымдардың әрқайсысына сайт ашылады

Осы ретте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің баяндамасында бірінші кезекте журналистердің әлеуметтік жағдайын қалыптастыру керек дегенді алға тартты. Министр жалақы емес, қаламақының тарифін көбейту керек дейді. Оның айтуынша, басылымдардың көпшілігі қаржыландырудың аздығынан жекеменшікке өтеді.

«Форумға дайындық барысында өңірлердегі басылымдарға барып жай күйін көріп қайтқанбыз. Біз баспа істерін мемлекеттік және жергілікті деп бөлмейміз. Себебі әрқайсысы халықты ақпараттандырады. Барлығы дерлік әлеуметтік желілерге көшкендіктен бұл бағыт бәсеңдеп қалды. 2019 жылдан бері өңірлерге бөлінетін тарифтер өзгермеген. Алдағы уақытта тарифтерді өсіру қарастырылады. Ендігі тарифтер ұлғайып, журналистерге әлеуметтік көмектер қарастырылатын болады. Жаңа заң халыққа ұсынылды, қолдау тапса медиа саласының мамандарының деңгейі жаңа бір сатыға көтеріледі», - деді ол.

Өңірлік басылымдардың әрқайсысына сайт ашылады

Жаңадан қабылдаған «Масс-медиа заңы» кәсіби журналистің қоғамдағы орнын айқындайды. Сонымен бірге ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға түзетулер енгізілді. Ұсынылған өзгерістер азаматтарға ақпарат алуда жауапкершілігі мен құқығын кеңейтеді. Әрбір басылымның сайтпен жұмыс жасау міндеттелетін болады. Газет қызметкерлері мен тв мамандарының деңгейін теңестіру керек. Заң аясында журналистерге әлеуметтік көмек берілуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға