Жаңалықтар

Өңірлер Сенат депутаттарын сайлауға дайын

Сенат депуттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарда өтеді
Өңірлер Сенат депутаттарын сайлауға дайын
Фото: gov.kz 12.01.2023 16:22 2112

Өңірлер Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге дайын. Бұл туралы ОСК кезекті отырысында пысықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Халықова Сенат депутаттығына Алматы қаласы бойынша 4 кандидат қатысатынын айтты.

«Аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен дауыс беруге арналған орын республикалық «Достық» үйі болып белгіленді және Сенат депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының басталатын уақыты 2023 жылдың 14 қаңтар жергілікті сағат 11-00 болып белгіленді. Дауыс беру пункте барлық қажетті жабдықтар бар. Дауыс беру пункті 14 қаңтарда сағат 10.00-де таңдаушылардың бірлескен отырысынан бұрын ашылады. Сенат депутаттығына барлығы 5 кандидат тіркеліп, біреуі тіркеуден соң тізімнен шығарылды. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бойынша жасырын дауыс беру бойынша бюллетенге 4 кандидат енгізілді. Белгіленген сынға сай бюллетендер әзірленді», – деді ол.

Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Наталия Фесенко сайлау бюллетеніне үш кандидат енгізілгенін тілге тиек етті.

«Таңдаушылардың бірлескен отырысы Абай атындағы облыстық кітапханада өткізіледі. Сенат депуттаттығына облыс бойынша 4 кандидат тіркелді. Оның ішінде сайлау бюллетеніне 3 кандидат енгізілді. Бюллетендер таңдаушылар саны көзделген резерв бойынша дайындалады. Аумақтық сайлау комиссиясын жарақтандыру бойынша дауыс беру пункт орнатылды. Жабдықтар алынып, ақпараттар орналастырылды. Дауыс беруді ұйымдастыру мәселесі пысықталды. Бюллетендерді алу үшін сайлаушылардың тізімдері дайындалды», – деді ол.

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов:

«Дауыс беру пунктері керкті құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. Мүгедектігі бар адамдар да ескерілді. Дауыс беруге Ақмола облысы дайын», – деді.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов Сенат депутаттығына үш кандидат тіркелгенін айтты.

«Таңдаушылардың бірлескен отырысы «Өнер» ғимаратында өтеді. Сенат депуттарын сайлау бойынша дауыс беру пункт ұйымдастырылды. Белгіленген талаптарға сай жабдықталған. Жасырын дауыс беру үшін 4 кабина, мүгедектігі бар адамдарға 1 кабина жабдықталды. Облыс бойынша барлығы 3 кандидат тіркелді. Олардың барлығы тіркеу хаттамалары негізінде бюллетенге енгізілді», – дейді.

Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев Сенат депутаттығына 3 кандидат тіркелгенін айтты және дауыс берушілердің саны – 30.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға