Жаңалықтар

Өңірлер ОСК-на сайлауға дайындығы жөнінде есеп берді

Өңірлер ОСК-на сайлауға дайындығы жөнінде есеп берді
Фото: El.kz 27.02.2023 11:06 1305

ОСК отырысында жергілікті атқарушы билік өкілдері сайлауға дайындық туралы баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанның 20 өңірінің жергілікті атқарушы органдары дайындығы туралы есеп берді.

«Ақтөбе облысында барлығы 14 call-орталық өз жұмысын бастады. Бүгінгі жағдай бойынша 267 өтініш келіп түсті. Сондай-ақ сайлаушыларды тіркеуге арналған телеграм-бот жұмыс істейді», - деді Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы Қайрат Райымқұлов.

Сондай-ақ цифрлық қамтамасыз ету жағынан дайындық пысықталды.

«Сайлауға дайындық бойынша дайындық жүргізіліп жатыр. gov.kz egov.kz сайттарына ақпараттар толық енгізілді. Сондай-ақ ХҚКО электронды платформаларына, kaspi.kz және halykbank платформаларына push хабарлама жіберілді. Жергілікті орындарда цифрлық қаматамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Сайлаушылардың ЖСН нөмерін енгізу арқылы электронды тізімінен тексеріледі. Sailau.gov.kz сайты арқылы қай участокке жататынын тексере алады», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш вице-министрі Әсет Тұрысов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға