"Өнегелі ұрпақ": Жастар 101 жасқа келген соғыс ардагерінің үй ауласын тазалап берді
Фото: Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі
04.05.2024 06:30
556
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының жастары «Өнегелі ұрпақ» апталығында ҰОС ардагері Ермахан Ишқоновтың үй ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жастар ардагердің үй ауласын қоқыстан тазартып, қарияның ақ батасын алды.
Айта кетсек, Ұлы отан соғысының ардагері Ермахан Ишқонов 1923 жылы Ташкент облысы, Калинин ауданында дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақыртылып, соғысқа аттанған. Сондай-ақ, 1946 жылы Қырғызстандағы авиациялық бөлімге жіберіліп, 1948 жылы әскери қызметін аяқтаған. Бүгінде Ермахан ақсақал I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы», «Мінсіз қызметі үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада «Экомектеп» кітабының тұсаукесері өтті