Жаңалықтар

Он жылға сотталған Серік Күдебаев үкімге шағым түсірді

Он жылға сотталған Серік Күдебаев үкімге шағым түсірді
Фото: t.me/kozachkow 07.06.2023 12:04 842

Жетісу облыстық сотының мәліметінше, 10 жылға сотталған Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірген, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым 29 маусымда сағат 15:00-де Жетісу облыстық сотының ғимаратында қаралады, - делінген сот мәліметінде.

Бұған дейін Алматы облыстық ПД бұрынғы басшысы 10 жылға сотталғанын, жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейтінін жазғанбыз.

Сот отырысы күдіктінің денсаулығына және сотқа келмеуіне байланысты бірнеше рет кейінге шегерілді. Ал наурыздың соңында ол Қырғызстан арқылы елден қашып кетті.

Ресми дерек бойынша, Күдебаев Түркияда ұсталып, елге арнайы рейспен жеткізілген.

2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты болған. Ол ғимаратты тастап кетіп, қылмыскерлердің қару-жарақты иемденуіне мүмкіндік жасаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға