Жаңалықтар

"Өмірлік жарым кездессе екен": Медеу Арынбаев әйелінің қазасынан соң неліктен үйленбегенін айтты

"Өмірлік жарым кездессе екен": Медеу Арынбаев әйелінің қазасынан соң неліктен үйленбегенін айтты
Фото: Әлеуметтік желі 17.10.2023 18:00 28822

Танымал әнші Медеу Арынбаев марқұм әйелі Айгүл туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші ұлын ұяға, қызын қияға қондырған соң, жанын түсінетін әйелді кездестіріп, бірге болсам деген ниеті барын жасырмады.

Уақытында айтқанбыз, алғашқы 3-4 жылда қиын, ауыр болды. Рухани жағынан салмақ, сағыныш болды. Қазір күні-түні зарлап жүрмін деп айта алмаймын. Оның бәрі –  әдемі елес. Айгүліміз – Дәулет пен Даянаның аяулы анасы. Сүйікті жарымның жоғарыдан қарап тұрғанын білеміз. Ұлым мен қызымды бірінші періштесі – аяулы анасының әруағы қолдап жүреді. Мен оған сенімдімін. “Қайда жүрсің?” деп талқылап, түнде телефон соғатын ата-аналардың қатарынан емеспін. Бірақ қазір Дәулетім мен Даянам бір жақты болса екен деймін. Одан кейін өмірлік жолдас, жар, дос дейміз бе, кездессе екен деген тілегім бар. Махаббат шыңы, таза махаббат деген ұл мен қыздың, ер мен әйелдің ойының бір жерден шығуы. Сүйкімділігі жағынан, сырт келбеті былай тұрсын, мәдениетімен, ішкі жан дүниесімен өнерлі болса деймін. Айгүл өнерлі еді ғой, – дейді Медеу Арынбаев. 

Өнер иесі жақында марқұм жұбайы екеуінің үйленгендеріне 25 жыл толғанын айтты.

Менің Бауыржан деген көмекшім тойымнан сюжет жинапты. Маған аяқ асты тосынсый жасады. “Кеше ғана” деген әнім Бауыржан Үсенге ұнапты. Менің бүкіл мұрағатым соның қолында. Тойдағы сюжеттерден Айгүлдің бейнесін аша біліпті. Сол бейнежазба жақында жарыққа шығады. Көп тыңдарманым Айгүлдің қандай екенін білмейді. Мен оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осы бейнероликте Айгүлді аша білген. Көпшілік сұрақтарға жауапты осы бейнежазбадан алады деп үміттенемін. Айгүлдің жарқын, шынайы, таза екендігі осы видеода суреттеледі. Тойымыз 1998 жылы 8 қарашада болған еді. Биыл 25 жыл толып қапты. Менің махаббат тақырыбындағы әндерім Айгүлге арналады, – дейді өнер иесі. 

Айта кетейік, бұған дейін Медеу Арынбаев өзінің қандай дертке шалдыққанын айтып берген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға