Жаңалықтар

«Өмір бойына төлем тағайындасын». Депутат шырша құру кезінде құлаған мұғалімге араша түсті

«Өмір бойына төлем тағайындасын». Депутат шырша құру кезінде құлаған мұғалімге араша түсті
Фото: коллаж El.kz 25.12.2024 12:17 406

Мәжілісмен Жұлдыз Сүлейменова ҚР Бас прокуроры Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, мұғалімдердің мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Ашық ақпараттардан белгілі болғандай, 2024 жылғы 21 желтоқсанда №49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 49 жастағы Қуат Айтқалиев орталық алаңда жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде жоғары биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған. Қазіргі уақытта жағдайы өте ауыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заң ұстаздардың заңды мүддесі мен құқықтарын қорғауға арналған.Аталған Заң мұғалімдердің негізгі қызметіне жатпайтын артық міндеттерден қорғауы шарт. Алайда, осы жағдай Педагог мәртебесі туралы Заңды өрескел бұзып тұр, - дейді ол.

Депутат бірнеше ұсынысын айтты.

  1. Мұғалімдерді заңсыз жұмысқа тарту шешімін қабылдаған және «Педагог мәртебесі туралы» Заңды бұзған тұлғаларды анықтап, қатаң жауапкершілікке тартуды сұраймыз.
  2. Зардап шеккен мұғалімге толық медициналық көмек көрсетуді және заңды өтемақы төлеуді, оның ішінде Педагогтың алған жарақатын өндірістік жарақат деп тануды және оған өмір бойы өндірістік жарақатқа берілетін төлемді тағайындауды қарастыруды сұраймыз.
  3. Семей қаласында шыршасын орнату мен безендіруге бөлінген қаражатты тексеріп, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланғандар болса, оларды заң аясында жауапкершілікке тарту қарастырылсын.
  4. «Педагог мәртебесін туралы» Заң талаптарын сақтамау жағдайларына байланысты барлық білім беру ұйымдарында тексеріс жүргізіп, Мұғалімдердің құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынамыз.
  5. AMANAT партиясы фракциясы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан осы мәселені жеке бақылауға алып, кінәлілерді жауапқа тартып және зардап шеккен жағдайы ауыр педагогтың құқықтарын толық қорғауды қамтамасыз етуде нақты шаралар қабылдауды сұраймыз.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға