Жаңалықтар

Олжас Сүлейменов Швецияға елші болды

Олжас Сүлейменов Швецияға елші болды
Фото: gov.kz 06.09.2024 11:42 552

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердегі елшілерге қатысты ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтсақ, президент жарлығымен Олжас Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. 

Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Сергей Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Ал Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасыныңтұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Бұдан бөлек Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі,химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға