Жаңалықтар

Олжас Бектенов жол құрылысы кезінде жемқорлық тәуекелдерін азайтуды тапсырды

Олжас Бектенов жол құрылысы кезінде жемқорлық тәуекелдерін азайтуды тапсырды
Фото: t.me/KZgovernment 09.07.2024 12:07 600

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жоғары сапаны қамтамасыз ете отырып, жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін кешенді шешу қажеттігін атап өтті. Көлік министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп қолданыстағы жол жобаларының уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы бірқатар проблемалық мәселелерге назар аударды.

Жалпыға ортақ жолдарда ауыр жүк таситын карьерлік автокөліктердің жүруі негізгі проблемалардың бірі болып отыр. Бұған дейін Көлік министрлігіне тиісті параметрлерге сай келмейтін ауыр техниканың жүруіне тыйым салу үшін қажетті шаралар қабылдау тапсырылған болатын. Сондықтан заңнамаға түзетулер енгізілді. Жаңа норма 2026 жылдан бастап жалпыға ортақ жолдарда карьерлік жүк көліктерінің жүруіне тыйым салуды көздейді. Дегенмен бұл норманы 2025 жылдан бастап енгізу мәселесін пысықтау қажет, – деп тапсырды Олжас Бектенов, бұл ретте жыл сайын туындайтын жұмыстардың ортасында жол-құрылыс материалдарының жетіспеушілігі мәселесіне назар аудара отырып.

Осыған байланысты Көлік министрлігіне инертті материалдардың, техникалық және еңбек ресурстарының бар-жоғын тексеру, сондай-ақ мердігер компанияларды жол битумымен уақтылы қамтамасыз ету тапсырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға