Жаңалықтар

Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» жұмысын сынға алды

Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» жұмысын сынға алды
Фото: t.me/KZgovernment 20.02.2024 11:06 867

Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруда белгілі бір шикіліктер бар екенін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы ұлттық жобаны іске асыру барысын, әсіресе жер учаскелерін бөлу және жобалық құжаттаманы кешіктіру мәселелерін әділ сынға алды. Үкіметке барлық проблеманы тез арада жоюды тапсырды. «Самұрық-Қазына» қорының тарапынан мердігер ұйымдардың жұмысына тиісті бақылау жасалмай отыр. Сонымен қатар жекелеген өңірлерде әлі күнге дейін жер учаскелерін рәсімдеу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері шешілмей келеді, - деді Үкімет басшысы.

Бектенов өңір әкімдері тарапынан болған формализм мен мәселені орталыққа ысыра салу әрекеті жобалау және құрылыс жұмыстарының кешігуіне әкеп соқтырғанын алға тартты. Салдарынан объектілер уақытында тапсырылмай қала ма деген қауіп те жоқ емес.

Құрылыс материалдарын, жабдықтар мен жиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажет. Әрбір басшының тікелей есіне саламын – жайлы мектептердің құрылысы Үкіметтің қатаң бақылауында болады. Мемлекет басшысының жаңа форматтағы мектептер салу туралы тапсырмасын орындау үшін біз бар күшімізді жұмылдырып, тез қимылдауымыз керек. Осыған байланысты аталған жұмысқа тартылған барлық мемлекеттік органнан нақты іс-қимылдарды талап етемін. «Бірінші, «Самұрық-Қазына» қорына 1 қыркүйекке дейін 98 мектептің, ал осы жылдың соңына дейін қалған 119 мектептің пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді ол.

Премьер-министр бұл ретте жұмыс сапасы да ақсамауы керегін назарға алды.

15 мамырға дейін барлық жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және мемлекеттік сараптамадан өткізуді аяқтау қажет. Өңір әкімдері 15 наурызға дейін мектеп құрылысына арналған жер учаскелерін рәсімдеуге қатысты барлық проблеманы шешуі тиіс. Биыл пайдалануға берілетін мектептерге баратын жолдар мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын осы жылғы 1 тамызға дейін аяқтау қажет, - деді Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға