Жаңалықтар

Олжас Бектенов Үкімет басшысы болып тағайындалды

Олжас Бектенов Үкімет басшысы болып тағайындалды
Фото: Akorda.kz 06.02.2024 15:13 1255

Парламент Мәжілісі Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл кандидатураны  «Amanat» партиясы ұсынған. Одан кейін президент Парламенті мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. 

Олжас Бектенов – тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Оны Қазақстан экономикасы және басқа да салалары бойынша білім мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәртіпті, адал, еңбекқор азамат. Сондықтан ел экономикасының алдында тұрған мақсатты жүзеге асыруға қабілеті жетеді деп ойлаймын. Сіздер келісім берген жағдайда, Үкіметтің жаңа құрамы табыстағанымызды сақтай отырып, Қазақстанды сапалы даму жолына шығару үшін бар күш-жігерін салады деп сенемін. Ертең Үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді. Сол кезде жаңа құрамның алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталамын. Енді ұсынылған кандидатура бойынша пікірлеріңізді айтып, дауыс берсеңіздер, – деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыдан кейін мәжілістің жалпы отырысы басталды.  Пленарлық отырыста қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұсынылған кандидатураға дауыс беру болды.  Қазақстан халық партиясы, ЖСДП партиясының басшылары Бектеновтың кандидатурасын қолдамай, қалыс қалатынын мәлімдеді. Ал «Amanat», Республика, Ақжол, Ауыл партиясы Бектеновтың кандидатурасын қолдады.

Айта кетейік, Олжас Бектенов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға