Жаңалықтар

Олжас Бектенов: Құрбан айт игі істер мен қайырымдылыққа үндейді

Олжас Бектенов: Құрбан айт игі істер мен қайырымдылыққа үндейді
Фото: t.me/KZgovernment 16.06.2024 10:42 261

Премьер-министр Олжас Бектеновтің Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мұсылман қауымының ең ұлық мейрамы адамзат баласын береке-бірлікке, игі істер мен қайырымдылыққа үндейді. Әр үйдің ырысын молайтып, несібесін арттырады. Рухани және дәстүрлі құндылықтарды ұлықтауға, ұлт пен ұлыстың ынтымағын бекемдеп, қоғамдағы келісімді нығайтуға септігін тигізеді.

Адамгершілік және өзара жанашырлыққа негізделген осынау асыл қасиеттер ауызбіршілікті сақтап, кез келген кедергіні еңсерудің ең ұтымды жолы болып қала бермек.

Айтулы күндерде отбасының амандығы мен елдің тыныштығы үшін жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақытты ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға