Жаңалықтар

Олжас Бектенов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Олжас Бектенов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Фото: primeminister.kz 30.08.2024 10:44 472

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциялық реформалары заң үстемдігінің салтанат құрып, қоғамды саяси тұрғыдан одан әрі жаңғыртуға тың серпінберді. Әлеуметтік әділдік, рухани келісім, құқықтық теңдік сияқты құндылықтарды дәріптеп, тәуелсіздіктің берік тұғырына айналған Ата заңымыз береке-бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға табысты қызмет етіп келеді, - делінген құттықтауда.

Үкімет басшысы еліміздің бас құжаты конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде орнықты дамуға, егемендігіміздің еңсесін биіктетуге үлес қоса бермек екенін жеткізді. 

Олжас Бектенов қазақстандықтарға мықты денсаулық, отбасыларына бақыт, еңбектеріне толайым табыс тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға