Жаңалықтар

Олжас Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді

Олжас Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді
Фото: primeminister.kz 24.04.2024 15:00 653

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олжас Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді

Олжас Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді

Олжас Бектенов облыс орталығындағы тұрғын үй алаптары бекіністерін тексеру барысында Атырау қаласының су тасқынының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты. Батыс өңірде Ресей Федерациясының Ириклин су қоймасынан судың келуіне байланысты, сондай-ақ Жайық өзеніне құйылар сағадағы ірі тасқын мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 

Бұрын хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысындағы ірі су тасқынынан кейін ағын су өзен арнасымен Атырау облысына қарай жылжып, Каспий теңізіне құяды. Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырау қаласында су деңгейінің 6 см-ге көтерілуі тіркелді (су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см-ді құрады). 

Олжас Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді

Олжас Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді

Тұрғын үй алаптарын нығайту, сондай-ақ Жайықтың өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстарының қарқыны тексерілді. Тиісті күштердің көлемді судың келуіне дайындық деңгейін қарап көрді.

Олжас Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысына су тасқыны жағдайы тұрақтанған өңірлерден әскери қызметшілер мен техниканы жедел жеткізіп, күштерді арттыруды тапсырды. 

Олжас Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді

Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу шараларының 92%-ы орындалды. Жұмысты тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген. Ұзындығы 482 км қорғаныс бөгеттері салынды, аяқталған учаскелер техникалық қадағалау арқылы тексерілді. Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұланның 6 мыңға жуық әскери қызметшісі, әкімдік қызметкерлері, 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Еріктілер тарапынан белсенді көмек көрсетілуде. Өткен сенбіде жағалауды нығайту сенбілігі аясында қаланы қорғау жұмыстарына 9 мыңға жуық ерікті қатысты. 

Сонымен қатар Жайық өзенінен Каспий теңізіне су өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Су жолдарын тазарту, тереңдету және кеңейту мақсатында арнайы техникалық флоттық кемелер, гидравликалық экскаваторлар қолданылуда. 

Олжас Бектенов Атырау тұрғын алаптарын тасқыннан қорғау жұмыстарын тексерді

Сонымен қатар суару-суландыру жүйелерінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде. Атырау облысында 15 каналдың 14-і Жайық өзені бойында орналасқан. Төрт жүйеде (Соколок, Нарын, Черная речка, Бақсай) тасқын судың өздігімен ағуына мүмкіндік бар. Осыған байланысты суды бұру үшін жер бедерін пайдалану мақсатында арналар тазартылып, каналдың жиегі бұзылады. Мысалы, NCOC компаниясы қолданыстағы құрылыстарды бөлшектей отырып, ұзындығы 24 км болатын «Соколок» қосымша айналма арнасын салу үшін жерді қазу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы алғанда, аталған су бұру арналары тасқын суды 139,9 м3/сек ағызу мүмкіндігіне ие. Барлық негізгі су қабылдағыштарда сорғы стансаларының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқаруда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға