Жаңалықтар

Олжас Бектенов әкімдерге қандай тапсырма берді

Олжас Бектенов әкімдерге қандай тапсырма берді
Фото: t.me/KZgovernment 23.07.2024 13:04 531

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар:

- Жол картасының индикаторларына қол жеткізу бойынша түбегейлі шаралар қабылдансын. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің көрсеткіштері Жол картасын іске асыру сапасына байланысты болады.

- Минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін жыл сайын 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу керек.

- Егін орағы басталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорындарының жаңа өнімді қабылдауға толық дайындығын қамтамасыз етсін. Егін жинау кезеңінде астық қабылдау кәсіпорындары үздіксіз жұмыс істеуге тиіс.

- Салаға инвестициялар тарту жөнінде шаралар қабылдануы тиіс. Басымдық берілген инвестициялық жобалардың іске асырылуына сапалы мониторинг пен бақылау қамтамасыз етілсін.

АӨК қолдау бойынша жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар:  

- агротехнологияларды жақсартуға;
- ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуын азайтуға;
- су және жер ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалануға;
-ауыл шаруашылығы саласында цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталуы тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға