instagram.com/zhunusova.makpal

«Өлсем, ақ денемді пышақ салып кеспеңдер». Заманбек Нұрқаділовтің соңғы жазбасы

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм күйеуі, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің соңғы жазбаларын бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Өнер иесі «Заманбек Нұрқаділовтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзінді» деп жазып, сурет жариялаған.

Өлсем, ақ денемді пышақ салып кеспеңдер.
Сенесің бе? Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін...
Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін...
«Махаббат бар» - жете деп қолды көп жыл сермеппін...
Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппін...
Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін... – деп жазылған туындыда.

Күйеуінің соңғы өлең жолдарын жариялаған Мақпал Жүнісоваға желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, жұбатуларын жеткізді.

«Әулие кісі болған екен-ау. Аманатын арқалап жүрген аңыз әнші»,
«Мақпал, сен бақыттысың. Елін сүйген, ел сүйген азаматтың жары болдың. Әттең, өмірінің қысқа болғаны өкінішті»,
«Өмірден өтерін сезген сияқты»,
«Өзінің оқыстан кететінін алдын ала сезіп жүрген екен ғой ағамыз»,
«Ағамыздың жазуының кереметін-ай!» – деп жазды оқырмандар пікірлерінде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)