Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі кинотеатрларда көрсетіледі
29.08.2022 21:03
Фото:
sports.kz
Мексикалық Сinemex кинотеатрлар желісі отандасы Сауль «Канело» Альварес пен қазақстандық орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек көрсетілімін жариялады. Бұл туралы El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Альвареске тиесілі екінші орта салмақтағы WBA Super, WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
Айқас Мексиканың бірқатар қалаларында үлкен экрандарда көрсетіледі деп хабарланған. Билет бағасы 3 доллардан 7 долларға дейін тұрады.
Жалпы, Мексика үшін кинотеатрларда ірі спорттық іс-шараларды көрсету жаңалық емес. Бокстан басқа, футболдан Чемпиондар Лигасы мен ҰФЛ матчтары да жиі көрсетіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

