Жаңалықтар

Олимпиаданы көру үшін Парижге қанша турист барғаны белгілі болды

Олимпиаданы көру үшін Парижге қанша турист барғаны белгілі болды
Фото: Olympic.kz 13.08.2024 06:29 1631

Спортты дамыту дирекциясы Олимпиаданы көру үшін Парижге қанша турист барғаны туралы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл ХХХІІІ жазғы Олимпиадасының кешенді жарысы кезінде 10 миллионға билет жанкүйер қолына тиген. Осыған дейінгі көп сатылым 1996 жылы Атлантада болған (8 миллион билет). Ал Парижге ойындар атмосферасын сезіну үшін 15 миллионға жуық турист барған. Бұдан бөлек ареналарда 45 мың ерікті спортшылар мен қонақтарға қызмет көрсеткен.

Еске салсақ, Қазақстан делегациясы Париж Олимпиадасында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдеге ие болып, 43-орын алды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға