Жаңалықтар

Олимпиадаға қатысу үшін 57 келіге ауысамын - Махмұд Сабырхан

Олимпиадаға қатысу үшін 57 келіге ауысамын - Махмұд Сабырхан
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.05.2023 15:35 3113

Бокстан Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен әлем чемпионатында атой салған спортшылар елге оралды. Боксшыларды халықаралық әуежайда сән-сәлтанатпен жанкүйерлер күтіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

54 келіде топ жарған Махмұд Сабырхан сөзін жанкүйерлерге алғысын айтумен бастады.

Қазақ еліме рақметімді айтамын. Жанкүйерлер бізді барынша қолдады. Ташкентте өткен әлем чемпионаты мен үшін керемет жоғары деңгейде өтті. Алланың қолдауымен жеңіске жетіп, әлем чемпионаты атандым. Халыққа алғысым шексіз, - деп алғашқы әсерімен бөлісті чемпион.

Сондай-ақ боксшымыз алдағы жоспарын айтты. 

Ендігі Олимпиада ойындарында жаңа салмаққа ауысу ойымда бар. Қадамдардымызды нақты жасап, 57 келі бойынша салмақ қуатын боламын. Мақсат сол олимпиадаға барып, чемпион болу. Азия ойындарында лицензия алып, Парижге дайындаламыз, - деді Махмұд Сабырхан. 

Боксшы чемпионатта ең қиын қарсыласының кім болғанын атап өтті. 

Мен үшін ең қиын спортшы жастар арасында әлем чемпионы атанған үндістандық боксшы мен әлем чемпионы кубалық Йосвани Вейтиямен бокстасу қиынға соқты. Дегенмен, екеуін де жеңдім. Ал қаражатты қайда жұмсарымды әлі нақтыламадым. Сондықтан алдағы уақытта көреміз,- деді ол. 

Еске сала кетейік, Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда өзбекстандық Ойбек Жураевтан төрешілер шешімі бойынша басым түсті. Үш раунд бойы үздіксіз соққы жұмсап, қарсыласына бірнеше рет нокдаунға түсірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға